Қазақстан аймақтық тиімді транзиттік бағыттардың желісін құруға ден қойып келеді. Мәселен бүгінде ел аумағы арқылы Қытай нарықтарын Еуропа және Орталық Азия елдерімен байланыстыратын 5 негізгі халықаралық теміржол дәліздері өтеді. Кейінгі 10 жылда дәл осы бағыттармен контейнерлік тасымал көлемі 5 есеге өскен. Алда әлі де көлік-транзиттік әлеуетті кеңейту көзделуде. Қазір 5 көршілес мемлекетпен теміржол шекаралық пунктерінің қуаттылығын арттыру шаралары қабылдануда. Жалпы ұзындығы 1 мың 300 шақырымды құрайтын 4 теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Бұл жобаларды іске асыру Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 35
млн тоннаға дейін ұлғайтуға, Алматы станциясы арқылы жүк өткізу уақытын
қысқартуға, Сарыағаш станциясын босатуға, және Орталық Азия мен Қытай
бағыттарындағы инфрақұрылым қабілетін әрқайсысын 20 млн тоннаға артыруға
мүмкіндік береді.

