Түркістан облысында 22 индустриялық парк құрылады

Түркістан облысында 22 индустриялық парк құрылады

Түркістан облысының индустриялық парктерінде 152 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың инвестиция көлемі шамамен 213 млрд теңгеге бағаланған. Өңірде жалпы ауданы 225 жарым гектар аумақты алатын 22 өндірістік аймақ құру жоспарланған. Индустриялық алаңдарды дамыту үшін арнайы жол картасын бекіту көзделіп отыр.

Нұржігіт Мырзахметов, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

- Орналасатын жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, пластик және резеңке өнімдері, жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және химия өнімдерін өндіру салаларында. Бұл жобалар соңғы тізім емес. Аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе өндірістік ғимараттардың тапсырылуына қарай жаңа жобаларды орналастыру жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 17 арнайы экономикалық және 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Оларға салынған жеке инвестиция көлемі 6 трлн теңгеге жуықтап, 860 жоба жүзеге асырылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?