Шілдеде әлемдік экономика айтарлықтай нашарлайды. Бұл туралы халықаралық валюта қорының өкілдері мәлім етті. Ұйымның ақпаратына сүйенсек, мұндай болжам жасауға негіз көп. Бүгінде мемлекеттер түрлі дағдарыстармен бетпе бет келуде. Мысалы, азық-түлік пен энергияның бағасы өсуде, дамушы нарықтарға келетін капиталдың ағыны азаюда, коронавирус пандемиясы әлі де жалғасуда. Мұның барлығы жаһандық экономикаға кері әсерін тигізуде.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында валюта қоры Украинадағы жағдайға байланысты әлемдік экономиканың өсу болжамын төмендеткен еді. Бұл ретте қор мамандары экономиканы дамытудың жаңа сценарийін айдың соңына дейін дайындайды.