Түрікменстанда Қазақ оркестрінің концерті өтті

Түрікменстанда Қазақ оркестрінің концерті өтті

Ашхабадта Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті. Түрікменстан астанасындағы музыкалық-драма театрының сахнасында Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Айттым сәлем, Қаламқас» туындылары, сондай-ақ, көрнекті қазақстандық сазгерлердің шығармалары орындалды. Даланың дәстүрлі сазы көрермендерді орнына таңа алды. Концерт Ашхабат тұрғындары мен қонақтарын, дипломатиялық корпус басшылары мен өкілдерін және мәдениет қайраткерлерін жиды. Мәдени шара Ұлы Абайдың 180 жылдығына және Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылды. Ол елдер арасындағы достық пен рухани бірліктің жарқын үлгісіне айналды.

Ақнар Тәтібайқызы, қобызшы:

- Ықылас Дүкенұлының «Жезкиік» туындысын орындадым.  Бұл туынды Ұлы Даланың үнін жеткізеді.  Біз өнерімізбен әлемді шарлап жүрміз. Мәселен Францияда орналасқан ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақ өнерін асқақтаттық. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?