Қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың Орталық телеарнасынан көрсетілді. Халықаралық вокалдық байқаудың гранд-финалы CCTV-15 музыкалық арнасынан эфирге шықты.
Еске сала кетсек, жоба әр елден келген 12 қатысушыны біріктіріп, Азия
кеңістігіндегі мұндай форматтағы алғашқы халықаралық вокалдық байқауға
айналған. Жоба жанды дауыстағы орындауларымен, жоғары деңгейдегі продакшнымен
және заманауи сахналық қойылымдарымен ерекшеленді. Ал Silk Way Star
гранд-финалының Қытайдың ірі медиахолдингі эфирінде көрсетілуі қазақстандық
телеиндустрияның маңызды жетістігі болды. Платформаның жалпы аудиториясы 1
миллиард көрерменнен асады. Музыкалық дода Қазақстан Республикасы Президентінің
Телерадиокешені мен China Media Group қытайлық медиа корпорациясы арасындағы
келісім аясында жүзеге асырылды. Финал тікелей эфирде өтіп, Әзербайжан, Грузия,
Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия сынды бірқатар елдерде көрсетілді.

