Астанада «Опералия» халықаралық фестивалі ашылды. Мәдени шараның биылғы ерекшелігі
– Еуропа мен Азиядағы шығармашылық ұжымдарының және жекелеген танымал опера және
балет жұлдыздарының қатысуы. Әсіресе, опера отаны – Италия солистерінің сахнаға
шығуын көпшілік асыға күтті. Ашылу салтанатында барлық қатысушылар қызыл
кілемнен өтіп, театрландырылған қойылымдар ұсынды. Артынша болған гала-концерт
көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Жалпы, фестивальде әлемге әйгілі
италиялық шығармалар ғана емес, әр елдің беткеұстар туындылары шырқалады.
Еренбақ Тойкенов, «Астана Опера» театрының режиссері:
-Аса атап өтерлігі – ол біздің ұлттық операмыз. Өйткені,
біз өзіміздің бай мәдени мұрамызға үлкен мән береміз. Сондықтан, қай
шығармамызды алсақ та, оларды үлкен әлемдік деңгейдегі опералармен де салыстыра
аламыз.
Айта кетейік, «Опералия» фестивалі 13 шілдеге дейін жалғасады.