Түрікменстанда балалар арасында спорттық билерден жарыс өтті

Түрікменстанда балалар арасында спорттық билерден жарыс өтті

Түрікменстанда балалар өнер орталықтары арасында спорттық би жарысы өтті. Көркі көз тартатын Гёкдер жерінде елдің түкпір-түкпірінен келген командалар мазмұнды және жарқын бағдарлама ұсынды. Оған еуропалық және латын америкалық билер, сондай-ақ спорттық гимнастика элементтері кірді. Жеке және топтық нөмірлер ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық билер Түрікменстанда кеңінен танымал. Елде чемпионаттар мен біріншіліктер тұрақты өткізіліп тұрады. Оған тамаша дайындық көрсетіп, көрермен көзайымына айналған 6-15 жас аралығындағы жас бишілер қатысады.  

Бибіажар Бердімұхамедова, орта мектеп оқушысы:

Жарыс өте қызықты өтті. Уайымдадым Біз ұзақ уақыт дайындалдық, күн сайын дайындық сабақтары болды. Паркетке шыққанымда біраз толқынғанымды сезіндім, бірақ кейін музыка ойнай бастағанда биімді биледім, әр қимылымнан ләззат алдым. Ұмытылмас әсер қалдырды.

Гарягды Жұмадұрдиев, орта мектеп оқушысы:

- Біз жарқын әрі динамикалық нөмір дайындадық. Бұл түрлі стильдегі элементтері бар әсерлі би болды. Біздің жаттықтырушымыз ең бастысы – билегеннен қаншалықты .ләззат алатынымызды көрсету керек екендігін айтты. Біз көрермендердің біздің көңіл-күйімізді сезінгенін қаладық. Қалауымызға қол жеткіздік деп ойлаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?