V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы Астанадағы «Қазанат» ипподромында таныстырылды. Дүбірлі додаданың негізгі бәсекелері осында өтпек. «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» сериясындағы жаңа сауда белгісінде «Бүркітші» бейнесі бейнеленген. Ол табандылық пен адалдықты сипаттайтын ежелгі дәстүрдің сақтаушысы. Сондай-ақ, көшпелі халықтардың мәдени мұрасын құрметтеудің символы. Марканың таралымы 5 мың дананы құрайды, оның атаулы құны – 500 теңге.
Наиль Нұров, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының басшысы:
– Бұл жай оқиға емес. Бұл – біздің еліміз үшін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығын білдіретін оқиға. Дүбірлі дода тәуелсіз мемлекетіміздің тарихына енді. Өте қызықты, әрі әсерлі тартыс болары анық. Әсіресе ұлттық қазақ спорты шынайы эмоциялармен, жарқын көңіл-күйге толы болмақ.