Қазақстандық спортшылар Түркиядағы VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысты

Қазақстандық спортшылар Түркиядағы VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысты

Қазақстандық спортшылар Түркияда өткен VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысты. Онда отандық аударыспақ және теңге ілу федерациясының мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Жалпы Ыстамбұлдағы халықаралық шара 20 тарта елден 1000 астам спортшы мен мәдениет саласының өкілдерін жиды. Оның аясында ұлтық спорт түрлерінен сайыстар, дәстүрлі қолөнер бұйымдары мен түркі халықтарының тағамдар көрмесі қанат жайды.

Бүкіләлемдік Этноспорт Конфедерациясы ұлттық құндылықтар дәріптелетін игі шараны осымен 6 мәрте ұйымдастырып отыр. Қазақстандық делегация қатысушыларды елімізде жоспарланған Көшпенділер ойындарына шақырды.   

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

– Биыл Президенттің бастамасымен Қазақстанда қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жоспарланған. Оған 3 мыңнан астам спортшылар келеді. Оның өтуіне де Дүниежүзілік Конфедерация үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Ол спорт қана емес, еліміздің мәдениетін, руханиятын, соның ішінде ұлттық спорттың дамуына үлес қосатынына біз сенімдіміз.