Президент Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директорын қабылдады

Президент Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кит МакКоннеллмен кездесуде Ұлттық олимпиада комитеті мен Халықаралық олимпиада комитетінің арасындағы ықпалдастық әлеуетін талқылады. Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда, бұл ұйымның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы отандық спортты дамыту мақсатында еліміздің аталған ұйыммен серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалап,  ұлттық құраманың табысқа жетуіне тілектестік білдірді. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?