Қазақстан Президенті Астанада өткен бокстан Әлем кубогының финалына барды

Қазақстан Президенті Астанада өткен бокстан Әлем кубогының финалына барды

Астанада бокстан Әлем кубогының ақтық сыны өтті. Қазақстан Президенті финалдық кездесулерді жанкүйерлермен бірге тамашалады. Мемлекет басшысы жекпе-жектер арасындағы үзілісте Ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Сондықтан бірге болайық бәріміз. Сіздерді қолдаймын! 

Қазақстанда өткен World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс екенін айта кетке жөн. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді. Байрақты доданың шаршы алаңында ел намысын үздік былғары қолғап шеберлері қорғады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?