Түркменстанның
алғашқы «ақылды» қаласы - Арқадагтың ашылуына үш жыл толуы ауқымды мерекелік
іс-шаралармен атап өтілді. Мерейтойға орай халықаралық форум мен жалпыхалықтық мереке
өткізілді. Бүгінде Аркадаг - экологиялық таза қоғамдық көлікпен, «ақылды»
тұрақтар, күн батареялары, жел генераторлары, жоғары жылдамдықты интернет және
5G байланысымен қамтылған республиканың
ең заманауи қалаларының бірі. Қаланы дамыту жобасы 2052 жылға дейін жоспарланған.
Уильям Лиф, Ашхабадтағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы:
- Қаланың дамуын
алты жылдан бері бақылап келемін - оның қалай салынғанын және біртіндеп
кеңейгенін көрдім. Бірінші кезең аяқтала салысымен, келесі кезең қолға алынды,
жұмыстар әлі жалғасуда. Бұл шын мәнінде
әдемі әрі
заманауи қала.

