«Silk Way» телеарнасы түрік тілінде хабар тарата бастады

«Silk Way» телеарнасы енді түрік тілінде хабар таратады. Айта кетейік, тұңғыш ұлттық жер серіктік телеарна еліміздегі ірі медиахолдинг – Қазақстан Президенті телерадиокешенінің құрамында. Бұл осымен 6-хабар тарату тілі. Себебі, телеарна бұған дейін қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз және өзбек тілдерінде хабар таратқан. Бұндай формат цифрлы телеарналар желісін қолданатын әр абонент үшін өз тілін таңдауға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетсек, Silk Way Қазақстан мен Орта Азия туралы ең өзекті әрі соңғы жаңалықтарды әлемнің 118 еліне таратады. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, деректі кинолар, еліміздің бай мәдениеті, салт-дәстүрі, сондай-ақ, инвестициялық және туристік саладағы жаңалықтары туралы ақпарат береді.