Әмудария мен Сырдария өзендерінің бассейндерінде трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту, су саласында білім беру орталықтарын дамыту, климаттың өзгеруі жағдайында тіршілік көзімен жабдықтау жүйесін жақсарту. Бұл аса өзекті тақырыптар Ташкентте халықаралық су серіктестігіне арналған конференция барысында талқылады. Орталық Азия елдерінің сарапшылары ресурстарды ұтымды пайдалану, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, стратегиялық бағдарламаларды іске асыру ең тиімді шешімдер екенін алға тартады. Форумға қатысушылар бұл бағытта халықаралық әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, өңір елдеріндегі су заңнамасын жетілдіру тұстары қаралды. Осы орайда, Өзбекстанда жаңа Су кодексі әзірленгенін айта кету керек. Бұл құжат ресурстарды басқарудың неғұрлым тиімді, интеграцияланған және ғылыми негізделген моделін енгізуге жағдай жасайды.
Константин Оболенский, Швейцарияның Өзбекстандағы елшісі:
– Біздің еліміз Су кодексін әзірлеуде Өзбекстанды қолдады. Негізінен біздің тараптан техникалық қолдау көрсетілді. Құжатты әзірлеу барысында гендерлік аспектілер ескерілді. Сондай-ақ, кеңестер жүргізу мен ұйымдастыру мәселесінде қолдау көрсеттік.
Равшан Мамутов, Олий Мажілісінің депутаты:
- Біздің 5 елде су ресурстары саласындағы қызметті жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстардың барлығы өзімізбен қатар көршілес мемлекеттерге әсер ететінін ескеру керек. Бізде ортақ трансшекаралық бассейндер бар. Сондықтан бір-бірімізді үнемі қолдап, үздік тәжірибемен алмасып тұру аса маңызды.

