Қазақстан
мен Армения арасындағы тауар айналым 2023 жылы 53 млн долларға жетті. Көрсеткіш
бір жылда 23%-тен
астамға өсті. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, экономикалық өзара
іс-қимылдың әлеуеті анағұрлым жоғары. Тараптар
ынтымақтастықты серпінді түрде күшейтуге ниетті. Әсіресе, көлік
және логистикалық байланыстарды дамыту басымдыққа ие. Бүгінде Қазақстанда армян
капиталымен бірнеше жүз компания сәтті жұмыс істеп тұр. Ал
Арменияда қазақстандық инвестицияның қатысумен 100-ден
астам кәсіпорын жұмыс істейді.