Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы
Жеңістің 80 жылдығына орай
Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып,
қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.
Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы
сап түзеп өтті.
Естеріңізге салсақ, алапат соғысқа 1
миллион 200 мыңнан аса қазақстандық қатысты. Республиканың әрбір төртінші
тұрғыны әскерге аттанды. 500-ден аса қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын
алды. Тылда еңбек еткендер де аз болмады. Майдан даласында атылған әрбір
тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды.
Қасым-Жомарт
Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс шараларға
қатысу үшін Ресейге келді
Қасым-Жомарт
Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған
іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Сондай-ақ Қазақстан
Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.

