Түрікменстан Венада өткен XI-ші Дүниежүзілік оркестрлер фестиваліне қатысты. Еуропаның музыка
астанасында республиканың мемлекеттік симфониялық оркестрі Франц Шуберт пен
Астор Пьяццолланың туындылары мен шығармаларын, сондай-ақ дутар аспабы мен
оркестрге арнайы жазылған «Бұл жұмақ» халық әуенін орындады. Ұжымның шеберлігі
халықаралық қазылар алқасын тағы да таңдай қақтырды. Өткен жылы музыкалық ұжым
Австрия астанасын бағындырып, X-«One Future» Дүниежүзілік оркестрлер
фестивалінің лауреаты атанды. Айта кетейік, Түркіменстанның беделді мәдени
шараға қатысуы - елдегі музыкалық ұжымдарының жоғары деңгейдегі дайындығының
дәлелі. Биыл байқауға әлемнің 40-тан астам елінен 2,5 мыңнан астам жас
музыканттар мен 400-ден астам оркестр ұжымы қатысты.

