Атырау облысындағы қорымдардан Сарматтарға тиесілі жәдігерлер табылды

Атырау облысындағы қорымдардан Сарматтарға тиесілі жәдігерлер табылды

Қазақстанның Атырау облысындағы ежелгі қорымдардан тарихи жәдігерлер табылды. Археологтар Қарабау ауылының маңындағы қазба жұмыстары кезінде олжалы болды. Ондағы түрлі алтын әшекейлер мен зергерлік бұйымдар анималистік жанр негізінде жасалған. Сондай-ақ, керамикадан дайындалған қару мен ыдыстар да табылды. Сала мамандарының айтуынша, барлық заттар сармат дәуіріне тиесілі екені белгілі болды. Археологиялық олжа Атырау өңірін ерте замандарда сармат тайпалары мекендегенін, оның ішінде қолөнер мен әскери өнердің дамығанын көрсетеді. Айта кетейік, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің екі жылдық археологиялық жұмысының нәтижелері «Сармат алтындары» көрмесінде көпшілік назарына таныстырылды.


Марат Қасенов, Археологиялық топ жетекшісі:


- Зерттеу жұмысы бұдан ары да, келешекте жалғаса береді, біз бұған кең көлемде жұмыс жүргіземіз. Сонымен бірге, тек археологтар емес, антрапологтар, географтар, суретшілермен өзге де мамандарды тартатын боламыз.


Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?