Silk Way Star жобасының гранд-финалына санаулы күндер қалды. Осы
сенбіде халықаралық музыкалық жобаның жеңімпазы анықталады. Қатысушылар ақтық
сында шырқалатын әр нотаға қызу дайындық үстінде. Айта кетелік, бас бәйгеден 7
елдің өнерпазы үмітті. Олардың арасында Қазақстан, Малайзия, Монғолия, Қытай, Армения, Өзбекстан мен Грузия өкілдері бар. Қатысушылар
қобалжу мен қимастық сезінгенін айтады, себебі, өнер сайысы баршаны бір
жанұядай ұйыстырған. Көрермендер Silk Way Star финалын 22 қарашада Jibek Joly/Silk Way телеарнасының
тікелей эфирінен көре алады.
Автандил Абесламидзе,
Silk Way Star байқауының қатысушысы /Грузия/:
- Silk Way Star – шынымен де
халықтарды бірлестірген ерекше жоба, және мен үшін оған қатысу өмірімдегі ең
ізгі естеліктің бірі болмақ. Ақтық сайыста мен сазы сұлу әрі күрделі ән
айтамын. Әннің мазмұны терең, көрермендер бұл туындыны жоғары бағалайды деп
ойлаймын. Отандастарым менің сайыс жолымды жіті бақылап келеді, ақтық сында да
қызу қолдау боларына сенімдімін.
Alem, Silk Way Star байқауының
қатысушысы /Қазақстан/:
- Ең үлкен жеңісім бұл
жобадағы 11 керемет әншімен таныс болып, 11 елде менің досым бар. Жобаның мәні,
мағынасы, миссиясы түбінде адамдарды біріктіру, халықтарды біріктіру. Сондықтан
мен кәміл сенем мұның бәрі, бірлік жолындағы, достық жолындағы жобалар деп.

