Ашхабадта Түркіменстанның
белсенді жастарына мемлекеттік наградалар табысталды. Барлығы 140 адам жастар
сыйлығының лауреаты атанды. Олар оқытушылар, студенттер, оқушылар, спортшылар
және өзгеде салалардың үздіктері. Олардың барлығы спортта, ғылымда,
журналистика мен мәдениетте, өнеркәсіпте толағай табыстарға жеткен. Еңбегі
еленген білікті мамандар мен дарынды шәкірттер ел Президентінің атынан тиісті
жүлдемен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Іс-шара аясында көрме өтті. Онда ел
жастарының жетістіктері таныстырылды.
Максат Курбангельдыев, Түркіменстанның халықаралық ақпараттық орталығының бас редакторы:
- Бұл сыйлық
Түркіменстанның халықаралық ақпараттық орталығының бүкіл командасының жұмысына
берілген баға деп білемін. Біз жаңалықтар жасаумен қатар, өзге елдермен өзара
мәдени және кәсіби байланыстарды нығайту қамында диалог құрып жатырмыз.

