Астанада «Әлия» спектаклі сахналанды. Қойылым Ұлы
Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағы Батырының 100 жылдығына орай әзірленді. Бұл
Ұлттық ұлан мен М.Горький атындағы драма театрының бірлескен жобасы. Сахнада
алғаш рет актерлермен бірге әскери қызметкерлер де өнер көрсетті. Осындай ерекше
үндестік көрермендерді қаһармандық дәуірдің атмосферасына жетеледі. Нәзік
болмысына қарамастан, қайсар мінезді қазақтың батыр қызы тарихқа ерліктің нышаны
ретінде енді.
Игорь Седин, «Әлия» спекталінің режиссеры:
- Өткен жылы театр Кеңес Одағының батыры туралы спектакль
қою туралы шешім қабылдады. Қазір сол батырларымыз ұмытылып барады. Осылайша,
бұл керемет қойылым өмірге келді. Біздің көрермен бірде күліп, кейіпкерлерімізбен
бірге қуанса, бірде жылап, олармен бірге қайғырады. Бұндай отансүйгіштік бағытындағы
қойылымдар әсіресе жастарымызды рухани азықтандырып, жігерлендіре түседі.
Айжұлдыз Бағланова, «Әлия» рөлін сомдаушы:
- Шексіз күш-жігер мен сүйіспеншілікке толы қазақтың
батыр қызына құрмет көрсетіп, рухына тағзым ету керекпіз. Ол өз бақытына лайық
еді, бірақ тағдыр тәлкегіне түсті. Отан үшін от кешіп, соңғы деміне дейін жаумен
алысумен қатар, ұлы маххабат сезімі үшін күресті. Оның соңғы хаттарында: «Менің
жиендерімді адамдарды сүюге үйретіңіздер» деген сөздер бар. Бұл жүрегіме терең
әсер еткен аса мәнді, ұлы сөздер.
Жаннұр Қасымов, ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшісі:
- Бүгінгі кеш
өте әсерлі болды. 1,5 сағат өте шықты. Маған өте ұнады. Біздің Ұлттық ұлан
қолбасшылығына үлкен рахмет осындай сыйлық, осындай кеш көрсетіп жатқандарына,
шақырып жатқандарына. Өте әсерлі болды. Өте уайымшыл болды. Сахнадағы барлық
әртістердің маған деген көңіл-күйлері, бізге қалай жеткізгені, маған өте ұнады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

