Қазақстандық кинематографтың әлемдік аренада танымалдалығы артып келеді

Қазақстандық кинематографтың әлемдік аренада танымалдалығы артып келеді

Қазақстандық кинематографтың әлемдік аренада танымалдалығы артып келеді. Актерлер мен режиссерлердің асқан шеберлігі елдің мәдениеті мен өнеріне көпшіліктің назарын аударуда. Канн, Берлин, Венеция кинофестивальдерінде қазақстандық киноиндустрия шеберлері түсірген картиналарды жиі көруге болады. Жақында Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясын қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев жеңіп алды. Байқауға барлығы 10 елден 20 картина қатысты.

Рашид Сүлейменов, Режиссер:

- Көптеген ел өте мықты картиналарды алып келген. Біз бәсекелестіктің өте жоғары деңгейде екенін түсіндік. Нәтижесінде біздің картинамыз «Үздік актер» номинациясында жеңіске жеткенін білгенде қатты қуандық. Ерекше эмоция болды. Және біз үшін бұл тосын сый. Сонымен қатар бұл - мақтаныш. Әрине, бұл осы фильмде басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаевтың актерлік талантын әрі команданың еңбегін мойындау деген сөз. Марапат бүкіл Қазақстанға және барлық көрерменге, киносүйер қауымға тиесілі.

Ұлттық стендте 25 көркем, деректі, анимациялық фильм ұсынылды. Олардың ішінде қазылар алқасы «Набат операциясы» фильмін ерекше бағалады. Бұл туында болған оқиға негізінде түсірілген. Онда 1992 жылы ақпанда автобуста 30 адамның кепілге алынғандығы баяндалады. Қазақстандық күш құрылымдарының кәсібилігінің арқасында операция сәтті аяқталған болатын.

Рашид Сүлейменов, Режиссер:

- 92 жылғы оқиғаға қатысты айтарым бұл - КСРО-ның күйреп жатқан кезі. Сол кезде бұрынғы одақтас республикалар түрмедегі сотталушыларымен алмасады. Сол жылы ақпанда Өзбекстаннан Ресей Самарасына жазасын өтеушілерді тасымалдау жүріп жатады. Дала жартылай станциясында алты ма, төрт пе сотталушы, нақты есімде жоқ, колоннаны бұзып, далаға қашқан. Дегенмен олар қоршауға алынады. Бірақ жазасын өтеушілер Қызылорда-Сарыағаш бағытындағы рейстік жолаушылар автобусын басып алады. Туындыда бәрі - басынан аяғына дейін шындық. Әр көрініс шынайы. Және бұл тарих. Осы күнге дейін қауіпсіздік қызметкерлерінің теориялық курстарында зерттеліп келеді. Олардың оқулықтарына енді. Сондықтан бұл оқиға фильм ретінде түсірілуді қажет етті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?