Түрікменстан Оңтүстік Кореяға тікелей рейстерді бастады

Түрікменстан Оңтүстік Кореяға тікелей рейстерді бастады

Түрікменстан Корея Республикасына тікелей рейстерді іске қосты. Енді Ашхабадтан Сеулге небәрі 7,5 сағатта жетуге болады. Осы аптада алғашқы ұшақ сапарын жасады. Әуе кемесінің бортында 365 жолаушы болды. Екі астана арасындағы рейстер аптасына бір рет, дүйсенбіде орындалады. Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстаннан Кореяға Ташкент, Дубай, Ыстамбұл және басқа да ірі хабтар арқылы ғана жетуге болатын еді.

Минхёк Ким, Корея Республикасының тұрғыны:

- Мен Ашхабадтан Сеулге тікелей рейспен ұшатын Корея Республикасының алғашқы азаматтарының бірі болғанымды мақтан тұтамын. Мен үшін бұл өте маңызды және қызықты сәт!

Уи Чжин Чхве, Корея Республикасының тұрғыны:

- Мен Түрікменстанға алғашқы сапарыма өте қуаныштымын және осы елге қайта оралуды асыға күтемін. Бұл саяхат мен үшін шынымен ерекше әрі қызықты болды!

Жаңа бағыт екі ел арасындағы жолаушылар ағыны мен жүк тасымалын ұлғайтуға ықпал етеді, сондай-ақ Түркіменстанда туризмді дамыту үшін қосымша ынталандыру болады деп күтілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?