Қ.Тоқаевқа инфрақұрылымды дамыту туралы баяндалды

Қ.Тоқаевқа инфрақұрылымды дамыту туралы баяндалды

Қазақстан Президенті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды. Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?