Түрікмен алабайын баптау өнері ЮНЕСКО тізіміне енді

Түрікмен алабайын баптау өнері ЮНЕСКО тізіміне енді

ЮНЕСКО түрікмен алабайын баптау өнерін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізді. Бұндай шешім Нью-Делиде Үкіметаралық комитеттің 20-сессиясында қабылданды. Осының құрметіне Түрікменстан астанасы Ашхабадта салтанатты кеш ұйымдастырылып, асыл тұқымды иттер ұлықталды. Көрермендерге мемлекеттік цирктің төбеттері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, шара аясында дәстүрлі «Жылдың батыл Түрікмен алабайы» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Аманмурат Атаев, Түрікмен мемлекеттік ауыл шаруашылығы университетінің аға оқытушысы:

- Бұл өте қуанышты жаңалық. Түрікмен алабайы – байырғы ит тұқымы, халқымыздың ұлттық қазынасы. Енді сол бір мәдени-тарихи құндылық саналатын алабай баптау өнері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне еніп отыр. Бұл асыл тұқымды төбеттің шығу тегі ғасырлар бойы қалыптасқан. Олар мыңдаған жылдар бойы түрікмен халқының  сенімді серігі болды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?