Қ.Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қ.Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуде бұның бәрі бірлескен күш-жігердің арқасында екенін атап өтті. Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?