Қазақстан мен Марокко құқық қорғау саласындағы ынтымықтастығын нығайтады

Қазақстан мен Марокко құқық қорғау саласындағы ынтымықтастығын нығайтады

Қазақстан мен Марокко құқық қорғау саласындағы ынтымықтастығын одан әрі дамытуға ниетті. Сенат осыны көздейтін бірқатар екі жақты келісімді мақұлдады. Олардың бірі өзара қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін тараптардың аумақтарында анықталған адамдарды экстрадициялау мәселелерін реттеуге бағытталған. Бұл заңда уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Ал келесі құжат қылмыстық істерді тергеудің жеделдігін арттыруды көздейді. Онда өзара құқықтық көмек көрсету қамында құзыретті органдар арасында дәлелдемелер мен мәліметтердің уақтылы алмасуын қамтамасыз ететін нормалар жазылған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл келісімдер қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімнің ережелері ұстап берудің және сотталған адамдарды берудің шарттары мен рәсімдерін реттейді. Сондай-ақ, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелерін айқындайды. Алдағы уақытта осы заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?