Қазақстан мен Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және ІТ сектордағы әлеуетті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл отандық жасанды инттелект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, Астананы Орталық Азиядағы ЖИ бойынша жетекші қалаға айналдырмақ. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа тың қазақстандық жобалар таныстырылды. Олардың ішінде - оңалтуды жеделдететін биомеханиканың портативті жасанды инттелект зертханасы және нарықтағы инвестициялық портфельдерге мониторинг жасайтын стартаптар бар. Қазақстан Президенті Бейжіңде жасанды интеллект бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен әңгімелесті. Білім додасында отандық оқушылар 7 медаль жеңіп алды, оның үшеуі алтын.

