Қазақстанның қала құрылысы жобалары Бакудегі форумда таныстырылды

Қазақстанның қала құрылысы жобалары Бакудегі форумда таныстырылды

Қазақстан жаһандық қалалық сын-қатерлерді шешуде ашық диалог пен практикалық әріптестікке ниетті. Бұны еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумының 13-ші сессиясында жеткізді. Бүгінде Қазақстан халқының 63% астамы қалаларда тұрады. Елдің бар өңірінде урбанистикалық даму орталықтары құрылды.  Қала құрылысын дамытудағы жаңа тәсілдердің бір мысалы ретінде Alatau city жобасы аталды. Ол халықаралық инвестициялар тартуға, заманауи басқару технологиялары мен инновациялық шешімдер енгізуге бағытталған. Қазақстан Алматыда құрылған ЭСКАТО-ның тұрақты дамуы үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығының платформасында АІ саласында тәжірибе алмасуға дайын. Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын іске қосу жоспарлануда. Ол ортақ өңірлік басымдықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс алаңына айналады. Форум аясында Urban Expo көрмесі өтуде, онда Қазақстанның ұлттық павильоны ұсынылды. Экспозиция қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, инфрақұрылымдық шешімдер және жаңа қала құрылысы жобалары арқылы елдің тұрақты, жайлы әрі экологиялық таза қалаларды дамытуға заманауи көзқарасын көрсетеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?