Түрік отбасы Көшпенділер ойынына автобуспен келе жатыр

Түрік отбасы Көшпенділер ойынына автобуспен келе жатыр

Түркиядан Қазақстанға автобуспен. Анкаралық отбасы Дүниежүзілік көшпенділер ойынын көру үшін арнайы елдің бас қаласынан Астанаға «Көшпенді» автобусымен жолға шыққан. 40 жастағы ағаш ұстасы Бурак Дуран мен жары Идил Дуран екі жасар ұлы Гүнеш Кутлуханмен бірге ата-бабалары ойнаған ұлттық ойындарды ұлықтап, көнеден қалған ортақ мұраны дәріптеуді мұрат етіпті. Олар Астанаға дейін 5400 шақырым жолды артқа тастайды. Түркиядан Грузияға, кейін Ресейге өткен отбасы Татарстан арқылы Қазақстан аумағына келіп жетті.

Бурак Дуран, саяхатшы:

- Ең әуелі Түркияда көшпенділер ойындары туралы жаңалықтарды жібермей қарап отырдық, кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтетінін білгенде, Қазақстанға барғымыз келді. Солай ұйымдастырушыларға хабарластық. Олар бізге алғыс айтып, ойынды тамашалауға шақырту жіберді. Осылай, Қазақстанға келген жайымыз бар. Дүбірлі додаға спортшы ретінде қатыспасақ та, атқа мініп серуендейміз деп ойлаймын. Біздің түп тамырымыз бір, сондықтан бұл шараның қаншалықты маңызды екенін өзгелерге де көрсеткім келеді.