Премьер-Министрдің орынбасары тасқыннан зардап шеккен СҚО тұрғындарымен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары тасқыннан зардап шеккен СҚО тұрғындарымен кездесті

Премьер-Министрдің бірініші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті. Ол тасқын салдарынан  зардап шеккен барлық тұрғындардың шығындары толық өтелетінін атап өтті. Сонымен қатар үйді қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жаңа баспана салынатынын жеткізді. Топан су тартылған кезде төтенше жағдай орын алған аймақтардағы тұрғынжайларды тексеру үшін арнайы комиссия жұмыс істейді.  Сондай-ақ Роман Скляр екі эвакуациялау пунктін және су тасқыны кезеңінде жолаушылар көлігінің қауіпсіз қатынауын тексерді. 

 

Атырау облысына жағалауды нығайту жұмыстарына қосымша техника жіберіледі

Сонымен қатар Атырау облысына жағалауды нығайту жұмыстарына қажетті өзге өңірлерден қосымша техника жіберілетіні белгілі болды. Бұндай шешімді вице-премьер, республикалық жедел штаб шетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев шығарды. Қосымша техника Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан тартылады. Қанат Бозымбаев пен аймақ жетекшісі Серік Шәпкенов Жайық өзені бойы аумағын әуеден барлады. Олар жағаларды нығайту және дамбалар салуға қатысты қолға алынған шаралармен танысты. Айта кету керек, бұндай жұмыстар Атырау қаласында да жүрнгізіліп жатыр. Bице-премьер өзеннің бойындағы осал тұстарды одан әрі нығайту бойынша бірқатар тапсырма берді. Бұл шаралар болашақта су тасқынының алдын алу және елді мекендер мен ерекше жерлерді қорғауға бағытталған.