Биыл Қазақстанда болжам бойынша, жаз ыстық болады. Өз кезегінде бұл табиғи өрттердің болу қаупін арттырады. Ірі жалындарды ауыздықтау үшін шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.
ТЖМ хабарлағандай, Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Бұдан басқа, республикалық азаматтық қорғау қызметі құрылды. Олар елде ірі табиғи өрт болған жағдайда, оны сөндіруді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жалпы, қазір елімізде табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою бойынша іс-шаралар жоспары белсенді іске асырылуда. Өңірлерде елді мекендерді дала немесе орман өрттерінен қорғау үшін минералданған жолақтар пайда болады.