Қазақстанның Париж олимпиадасындағы бесінші медалі

Қазақстанның Париж олимпиадасындағы бесінші медалі

Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынын бесінші медалмен боксшы Назым Қызайбай толықтырды. Ол жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Абай Қызайбай, Назым Қызайбай әкесі:

- Біз негізі алтын бола ма деп ойлап едік. Болмады енді. Қытай боксері де жақсы. Қыздардың ішінен бірінші қола алып тұрған Назым болу керек.

Кәмшат Ахетқызы, Назым Қызайбайдың анасы:

- Мама, менің арманым ғой осы Олимпиадаға бір бару, бір барсам сол арманым деп. Міне, Олимпиадаға барды. Қола жүлдегер болды. Оған да қуаныштымыз.

Ал, Нұрбек Оралбай алтын үшін бақ сынасады. Ол бокстан ерлер арасында финалда ел құрамасының намысын қорғайды. Спортшы рингке украиндық былғары қолғап шеберімен шығады. Ал, грек-рим күресінің финалына Демеу Жадраев шықты. Ол жапондықпен «алтын» үшін күреседі. Айта кетейік, кеше қазақстандықтар спорттың бес түрінен өнер көрсетті. Әмір Маймұратов болса құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартып, жарыстың ширек финалына шықты.