ТХКБ арқылы жүк тасымалы 2023 жылы 65% жетті

ТХКБ арқылы жүк тасымалы 2023 жылы 65% жетті

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі 10 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін сұраныс та, технологиялық мүмкіндіктер де жеткілікті. Бұл туралы Қазақстан Президенті әзербайжандық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Астана мен Баку бұл бағытта кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Оның айқын көрсеткіші ретінде 2022 жылдың соңында қабылданған «тар жерлерді» синхронды жою бойынша жұмыс істеу туралы және Қазақстан, Әзербайжан мен Түркия аралығындағы «Орта» дәлізді дамытуға бағытталған Жол Картасын атап өтуге болады. Ол 6 жылға бағытталған. Айта кетсек, 2022 жылы осы бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі екі есе артқан. Ал, 2023 жылы көрсеткіш 2,7 млн тонна, яғни 65% дейін өскен. Бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағытының құрлықаралық жүк тасымалындағы рөлінің артқанының көрсеткіші.

Айта кетер жайт, 11-12 наурызда Қазақстан Президенті Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі  Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Тұңғыш қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.