Қазақстан Ораза айт мерекесінде БАӘ туристері барғысы келетін елдердің көшін бастады

Қазақстан – қасиетті Рамазан айында және Ораза айт мерекесінде БАӘ тұрғындары үшін ең танымал туристік бағыт. Мұндай мәліметтерді Skyscanner ғаламдық әуе саяхаты бойынша іздеудің жүйесі ұсынды, деп хабарлайды «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы. Біздің еліміз басқа да танымал бағыттардан анағұрлым алда келеді.

 

Әлішер Тұрсын, «Kazakh Tourism» ҰК ресми өкілі :

-Қазір біз жақсы үрдісті көріп отырмыз. Шын мәнінде туристер өз сапарларын алдын ала жоспарлап отыр және Біріккен Араб Әмірліктерінің туристері Ид Әл-Фитр мерекесінде, бізше бұл Ораза Байрам, Қазақстанға сапарлауды жоспарлап отыр, көрсеткіш 195%-ке тең келеді. Біз Швейцария, Грекия, Кипр, Сейшель аралдары сияқты елдер арасында бірінші орында тұрмыз.

 

БАӘ туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығын цифрлар да растайды. Мысалы, 2022 жылы елімізге үш мыңға жуық саяхатшы келсе, өткен жылы олардың саны алты мыңнан асқан. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның туристік бағыт ретінде танымалдығының өсуі - елдің халықаралық туризм саласындағы айтарлықтай әлеуетін көрсетеді.

 

Әлішер Тұрсын, «Kazakh Tourism» ҰК ресми өкілі:

-Жаһандық скайскэннер жүйесінің мәліметінше, бізде Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысы Әмірліктерден келген туристер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл жерде туристер бірқалыпты тыныш, мәдени туризмге жақын демалуды жөн көреді. Сондықтан олар осындай бағыттарды таңдайды деп айтуға болады. Алматы таулары көлдер мен өзендердің таңғажайып пейзаждары, сонымен қатар Астана да туристер арасында ең танымал бағыттардың бірі.