Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy
Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды. Турнирді Мемлекет
басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Олимпиада
чемпионы Елдос Сметов тамашалады. Биыл
бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда. Қазақстандық
дзюдошылар 9 медаль жеңіп алды, оның үшеуі күміс, ал алтауы қола медаль.
Еске
сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші
мәрте өтіп жатыр.

