АҚШ Президенті Дональд Трамп мемлекет басшысына символикалық тарту-таралғы
жолдады. Сыйлықта «Ақ үйдің кілті» мен өз қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов сенім
грамотасын тапсырған салтанатты рәсімнен кейін
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жеткізуді сұрап,
қараша айында Ақ үйдің сопақша кеңсесінде өткен кездесуді еске алған. Дональд
Трамп Қазақстан Президентін халықаралық үдерістерді терең және салмақты
түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері деп атаған.

