Кассадан алыстамай қазақ тілін үйрену. Теміртау қаласында қазақ тілін үйренемін деген сатушыларға арнайы курс ұйымдастырылды. Теория мен тәжірибені тоғыстыру үшін қызметкерлер келушілерге қызмет көрсетіп, дағдысын жетілдіре алады.
Татьяна Федорчук, сауда үйінің әкімгері:
- Біз сәлемдесу тақырыбында біраз үйреніп қалдық деп ойлаймын. Курс қызықты өтіп жатыр. Негізінен бізге сауда-саттыққа қатысты дәрістер оқылады.
Сауда саласының қызметкерлеріне арналған курс 21 сабақтан тұрады. Оған қоса, мамандар мемлекеттік тілді жан-жақты үйрету үшін тереңдетілген бағдарлама әзірледі.
Гүлмира Олжабаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
- Осы жобаға ең алғаш ниет білдірген 2 сауда орталығы бар. Жалпы тыңдаушылардың саны – 29 адам. Осы сабақта өздеріне керекті сөздік қорларын алып, өздеріне керекті терминдермен таныса алады. Әрине бұл курстарымыз бізде тегін түрде жүргізіледі.