Ел Президенті өз Жолдауында АЭС
салуға қатысты мәселеде қоғам пікірінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сондықтан, бүгін, яғни 6 қазан күні елімізде оның құрылысына қатысты байыпты
шешім қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Отандық сарапшылар бұл
жолғы шара ауқымды ұлттық диалог сипатына ие боларына сенімді.
Олардың пайымынша, референдум домократия тетігі. Ол арқылы қоғамдық-саяси
мәдениеттің негізі қаланады. Яғни, халық ел игілігі қамында нақты шешім
қабылдауға құқылы. Референдум бұған мүмкіндік жасайтын бірегей механизм.
Айдана Акесина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ стратегиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы:
- Егерде өткен референдумды еске алатын болсақ, дауыс беру құқығын халықтың 68%
жуығы қолданды. Бұл қоғамның жоғары жауапкершілігінің белгісі. Яғни азаматтар
ел үшін маңызды шешімдерге белсенділік танытады. Референдумда стратегиялық
сұрақ көтерілді. Ол біздің ертеңімізге, әрбір қазақстандық үшін маңызды және
келешек ұрпақтың болашағына қатысты экономикалық, сонымен қатар бұл жолы
экологиялық жағдайға байланысты мәселе қозғалды.