Украинада қалған отандастарымызды эвакуациялау үшін тағы бір рейс ұйымдастырылады. Гуманитарлық борт Польшаның Катовице қаласынан 25 наурызда ұшады деп жоспарланып отыр. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің хабарлауынша, аталған бортпен ұшу үшін 24 наурызға дейін азаматтар Львов қаласына немесе 25 наурызға дейін Катовицеге өз күштерімен жетулері тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Катовице қаласынан елімізге алты репатриациялық рейс ұйымдастырылған. Онымен 690 азамат елге оралды. Барлығы Украинадан 836 адам шығарылды.