Утилизациялық алымды 2022 жылдың 14 мамырынан кейін ескі мөлшерлеме бойынша төлеген көлік иелері енді артық сомасын қайтарып алуына болады. Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш беру қажет. Құжатта өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсету шарт. Бұған дейін аталған компанияның ресми сайтында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты процесс тоқтап тұрды. Айта кетейік, 3 мамырда «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде утиль алымның жаңа мөлшерлемесі жарияланған еді.