Тәжікстан астанасында бірінші Халықаралық инвестициялық тау-кен металлургия форумы өтті. Ол Орталық Азия, Америка, Еуропа және басқа мемлекеттерден 150-ден астам сарапшылар мен сала мамандарының басын қосты. Қатысушылар геологиялық инфрақұрылымды дамыту, жаңа кен орындарын игеру, кәсіпорындарды жаңғырту, өңірлік кооперациялық байланыстарды нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның индустрия өкілдері тау-кен және металлургия салаларындағы өндірістік жүйені дамытуға қатысты өз тәжірибелерімен және бірегей тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, форум аясында көрме ұйымдастырылып, онда компания өз өнімдері мен технологияларын ұсынды.
Әсел
Күшенғалиева