Қазақстанда өте сирек кездесетін монета түрі табылды. «Таңбалы» қорық-музейінің
ғылыми қызметкерлері Қоғалы алқабындағы қазба жұмыстары кезінде таптырмас
жаңалыққа тап болды. Халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция мамандарының
пікірінше, түркі-соғдылық ерте ғасырлардағы нумизматикаға сәйкес, бұл монета
VII ғасырдың ортасында қолданыста болуы мүмкін.
Бибігүл Дандығараева, «Таңбалы» қорық-музейінің директоры:
- Мыс тиынның белгі бетінде түркі билеушісі бейнеленген, басында
қалпағы, иығының жоғарғы жағында Соғда тілінде жазылған «Құт» деген жазуы бар.
Келесі бетін қарасаңыздар, түркі таңбасы, ол таңбаны сіздер Таңбалы кешенінде
әйгілі күнбастылар паннонынан көре аласыздар. Тағы бір олжаға қазба жұмыстар
барысында ие болдық. Ол садақ ұстаған түркі жауынгері. Темірден жасалған, бірақ
біз оған әлі айталмай, болжап, отырмыз. Күміс болуы да мүмкін, жасалған
материалы, жәдігерде садағының ұшында алтын жалатылғаны айқын байқалып тұр. Бұл
да бізді қуантып жатыр. Біз тағы бір жаңағы моңғол ұлысына тиесілі тиындар
таптық.