Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды

Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды

Қазақстан Президенті Токиода Біріккен Ұлттар Ұйымы Университетінде турбуленттілік кезеңіндегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру тақырыбында лекция оқыды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мультилатерализм мен жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы рөлі жайлы айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның әділетті әрі мызғымас бейбітшілік туралы көзқарасын жеткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қажеттілігіне тоқталып, оның Жарғысын қатаң ұстанудың маңызын тарқатып айтты. Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдардың тиімді қызмет атқаруы үшін өзара сенім мен болжамды саяси бағыттың қажеттілігін атап өтті.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық әріптестік пен ұжымдасқан шешім қабылдаудың өзегіне айналуы тиіс. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі тәрізді бастамалары арқылы бұл бағытта жүйелі қадам жасап келеді. Бүгінгі сын-қатерлерді бірде-бір мемлекет өздігінен жеңе алмайтынына еш күмән жоқ. Тек бірлескен қатаң ұстаным мен ортақ әрекет қана ұзақмерзімді нәтиже бере алады.

Президент сонымен бірге толық ядролық қарусыздандыру және жалпыға ортақ ядролық сынақ өткізуге тыйым салу туралы Келісімнің күшіне енуі бағытындағы Халықаралық ұйымның жұмысын жандандырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының Біріккен Ұлттар Ұйымы Университетінің филиалын Алматыда ашуға әзір екенін жеткізді. Ол су және климаттық қауіпсіздік мәселелерімен, қақтығыстардың алдын алу, тұрақты даму мен жасанды интелектіні басқару бағыттарын зерттей алады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?