Қазақстанда жыл соңына дейін Digital Qazaqstan стратегиясы әзірленеді. Ол елдің кең ауқымды цифрлық трансформациясының жаңа кезеңін іске қосуы тиіс. Жасанды интелектіні барлық салаларда жаппай қолданысқа енгізу экономикалық өсім мен еңбек өнімділігін арттырады. Стратегия өзге салаларға да «жол бастаушы» сипатқа ие ірі ұлттық жобаларға негізделеді. Қазір олардың саны анықталып жатыр. Жобаның әрқайсысына жеке KPI көрсеткіші және атқарылу мерзімі белгіленеді.
Бахтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
- Біз бұл жобаларды мемлекеттік мекемелермен, квазимемлекеттік және жекеменшік сектормен, қауымдастықтармен, сарапшылармен, мемлекет басшылығымен және әртүрлі халықаралық мамандармен бірлесіп талқыладық. Олардың әрқайсысы өз ұсыныстарын айтты. Біз соның барлығын жинақтап, бір-бірін қайталамайтын, біздің барлық ішкі талаптарымызға сай келетін қылып жүйелеп жатырмыз. Осы ұсыныстардың барлығын біріктіріп, барынша кең қамту мүмкіндігін ойластырамыз. Қазір бізде оған қажетті негіз бар. Біз онымен жұмыс жүргізіп, өңдеп жатырмыз. Басты мақсатымыз осы ұсыныстарды ұлттық жобаларға біріктіру.
«Жол бастаушы» - Ұлттық жобалар 10 негізгі бағытты қамтиды. Олар цифрлық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, білім беру мен еңбек нарығы, цифрлық экономика, деректер, киберқауіпсіздік, робототехника, цифрлық инфрақұрлым, реттеу және стартаптар экожүйесі.

