2025-ші жылдың соңына қарай қазақстандықтар 100% ауыз суға қол жеткізеді. Халықты тегістей тіршілік көзімен қамту үшін қазір елде 30 жуық ірі жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде республика бойынша 2 мың шақырымға тарта топтық су құбыры тартылмақ. Оның шарапаты 430-дан астам елді мекеннің тұрғындарына тиеді. Биылдың өзінде су бұру жүйелерін салу және қайта жаңғырту үшін 218 млрд теңге қарастырылған. Басымдық шалғайда жатқан ауылдарға берілуде.
Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары:
- Жергілікті халықтың
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік реформа
шеңберінде су шаруашылығын басқарудың тиімділігін арттыру үшін министрлік
топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне береді.