Ташкентте жаңа заманауи IT-орталық іске қосылды.
Ол Өзбекстанның Ұлттық зерттеу университетінің қабырғасында ашылды. Ең озық қондырғылар
және технологиялармен жабдықталған орталықта студенттер мен жас мамандар ІT саласында
білімдерін жетілдіріп, тың жобаларын жүзеге асыра алады. Оларға мұнда 70-тен
астам бағыт бойынша ақпарат пен қызмет алу мүмкіндігі жасалған. Сонымен қатар, веб-бағдарламалау, дизайн, интернет-маркетинг,
және 3D-модельдеу бойынша арнайы курстар жүргізіледі. Ал бұл саланың білікті
мамандары орталықта бағдарламалар мен электронды платформалар әзірлейді. Мақсат
- республика экономикасының түрлі салаларына сандық шешімдер мен IT технологиялар ендіру. Яғни, бұл заманауи кешен
күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуге және диджитал өнімдер әзірлеуге
бағдарланған. Сарапшылардың пікірінше, бұл Өзбекстанда цифрлық экономиканы
дамытып, IT-инфрақұрылымды нығайтуда және мамандардың жаңа буынын даярлауда
маңызды рөл атқарады. Қазірдің өзінде орталық ел игілігі үшін бірқатар жаңа
бастаманы қолға алып отыр.
Эъзоз Озодов, Техника ғылымдарының докторы:
- Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар
өте белсенді дамып келеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету жасақталып жатыр. Су
шаруашылығы да кенже қалмайды. Су қалпына келмейтін ресурс. Мұны бәріміз жақсы
білеміз. Сондықтан тұтыну көлемін нақты бақылау және есепке алу қажет. Осы
мақсатта институт «Ақылды университет» тұжырымдамасын сынап көрді. АҚШ
компанияларымен тиісті келісімге қол қойылды.
Баходир Тургунов, «Ташкент инженерлер және
ауыл шаруашылығын механикаландыру институты» ұлттық зерттеу университетінің
зерттеушісі:
- Бұл құрылғы бүкіл республика бойынша сорғы
станцияларында қолданылады және туындаған мәселелерді шешу үшін жасақталған.
Көріп отырғаныңыздай, мұнда станцияның моделі жасалған. Сондықтан адам суды
өңдеуге қатысты нақты ақпарат алуға қол жеткізе алады, бұл тиімділікті болжауға
мүмкіндік береді. Құрылғы барлық процесті автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Болашақта тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін бағдарламаны әзірлеу
жоспарланып отыр.

