Волонтерлік қызмет Қазақстанның Ата заңында бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық комиссияның оныншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. Оның айтуынша, комисия қарауына түскен бұл ұсыныс «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескер отырып қолдау тапты. Осы орайда еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026-шы жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.
Бақыт Нұрмұқанов, ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Конституциялық
комиссия мүшесі:
- Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті
әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен
қайырылымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді. Бастамашылырдың
піпікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде
толықтырады.

