Таразда шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті

Таразда шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті

Қазақстанның Тараз қаласында жоғары оқу орындарының көрмесі өтті. Оған 20-дан астам шетелдік университеттің өкілдері қатысты. Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірінде қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алуға жағдай жасалған. Айта кетейік, былтыр ел аумағында 23 шетелдік ЖОО филиалы ашылса, биыл тағы 11 стратегиялық серіктеспен нәтижелі жұмысқа қол жеткізу жоспарланған. Болашақ мамандар үшін аталмыш іс-шаралардың пайдасы мол. Себебі әлемдік деңгейдегі шетелдік білім ордаларының дипломын Қазақстаннан шықпай-ақ алуға болады. 

Алдияр Зайнитдинов, Оқушы: 

- Осындай шаралардың арқасында біз көптеген жоғары оқу орындары жайында біліп жатырмыз. Осының көмегімен біз өзімізге жаңадан бір мүмкіндіктер ашып жатырмыз десек те болады. Жалпы өзім халықаралық қатынастар бағытында жұмыс атқарғым келеді. Өзімді сол мамандықта көремін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?