Жастар арасындағы жаңа тренд: Куиз форматындағы интеллектуалды ойындар

Қазақстанда жастар арасында зияткерлік ойындар трендке айналуда. Мәселен, небәрі 3 жыл бұрын басталған куиз форматындағы «TezTap» интеллектуалды ойыны, бүгінгі таңда 11 қалада, апта сайын 100-ге жуық қатысушы жинайды.

Саясат Идеятұлы қазақша куиз басталғалы бері қатысып келе жатқан тісқаққан, тәжірибелі ойыншы. Ол өзін интеллектуалды ойындардың фанаты санайды. Себебі, зияткерлік дода білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, көңілді орта мен жаңа таныстықтар сыйлайтын бірден-бір алаң.

Саясат Идеятұлы, TezTap ойынының қатысушысы:

- Негізінен, бұл жерде адамға ләззат сыйлайтын нәрсе бар. Мысалы, логиканды іске қосасын, бұл жерде сұрақты таба алмай жатсанда өзіне бір жағымды әсер қалдырады, тапсан, ол екі еселене түседі. Яғни, адамға бір адамдарда бақыт гармондары бөлінетін болса, менде куизде бөлінетін шығар деп ойлаймын.

Нұрсая Мизамбек, TezTap ойынының қатысушысы:

- Қазақи интеллектуалды ортамен таныстық - бұл ойын арқылы. Қызықты сұрақтар, яғни, өміріңнің салтында аптасына бір рет өмірінді бір қызықты етуге, көңілді етуге және де миыңды бір қозғап, сондай керемет 3-4 сағатты өткізуге, біз үшін бір демалыс ретінде, ритуал ретінде қалыптасты.

Ұйымдастырушылар әр куизге тыңғылықты дайындалады. Ойында қойылатын сұрақтардың мазмұны, тексерілген дереккөздерден алынуы маңызды. Мұнда қатып қалған тақырып жоқ. Сұрақтар аясы саясаттан бастап шоу бизнеске дейін қамтиды.

Дана Қамзабек, TezTap интеллектуалды ойынының авторы:

- Мен айтар едім, пайдалы уақыт өткізудің түрі деп. Сосын оған қоса, интеллектуалды контентті тұтыну. Мысалы, біздің куизге келген адамдар, кейін көбірек бақылап жүреді. Мысалға, қандай жаңа кітаптар шығып жатыр, қандай жаңа кинолар шығып жатыр деген сияқты. Өйткені, ол куизде келіп қалу мүмкін ғой.

Ұйымдастырушылар интеллектуалды ойындарға сұраныс артқандықтан, оның форматын тақырыптық секцияларға бөлу, ойын географиясын кеңейту және ауқымды турнирлер ұйымдастыруды көздеп отыр. Жастар арасындағы жағымды тренд жасы үлкен буынға да ұнаған. Осыған орай, алдағы уақытта қазақша куиз 60-тан асқан зейнеткерлер арасында ашылуы да әбден мүмкін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?